ҰЖЫМ ҮНІ – БАСТЫ НАЗАРДА!
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы А. Серімбетов «Нектар» арнайы балабақшасында болып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жүздесу барысында кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Мамандар ұжымның ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап ұсынды.
Кездесу барысында «Нектар» арнайы балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Тұрмұхамбетова кәсіподақ саласындағы белсенді қызметі мен еңбегі үшін салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталып, облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан сыйақымен ынталандырылды.
Шара соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына әдістемелік кеңестер берілді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-