КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Орал қаласында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында гендерлік теңдік пен еңбек құқықтарына арналған екі күндік семинар-тренингтің екінші күні өтті.
Семинарда кәсіподақтардың еңбеккерлердің құқықтарын қорғаудағы рөлі, лайықты еңбек, әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамыту және еңбек пен отбасылық міндеттерді үйлестіру мәселелері талқыланды.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде әлеуметтік әріптестіктің, ұжымдық шарттардың және құқықтық қорғау тетіктерінің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіподақ мүшелерінің 74,6 пайызын әйелдер құрайтындықтан, олардың еңбек құқықтарын қорғау мен кәсіби дамуына жағдай жасау маңызды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Гендерлік комиссия төрағасы Гүлнар Жұмагелдиева гендерлік теңдік пен лайықты еңбектің кәсіподақ қозғалысындағы маңызына тоқталды.
Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча бейнежолдауында гендерлік теңдікті ілгерілету, лайықты еңбек пен экономикалық өсуді қолдауда кәсіподақтардың рөлін атап өтті.
Республикалық Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның төрағасы Индира Сақауова әйелдердің көшбасшылық қабілетін дамыту, кәсіби бастамаларын қолдау және басқару үдерістеріне белсенді қатысуы туралы ой бөлісті.
ҚРКФ Гендерлік комиссиясының мүшесі, археолог Яна Лұқпанова «Алтын ханшайым» тарихи мұрасы арқылы әйелдің қоғамдағы орны мен мәртебесіне тоқталды.
Қазақстанның Еңбек ері, ұстаз, Батыс Қазақстан облысындағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның төрағасы Эльмара Траисова білім беру, ұрпақ тәрбиесі және қоғамдық қызметтегі өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындысында қатысушылар гендерлік теңдікті ілгерілету, лайықты еңбек қағидаттарын орнықтыру және еңбеккерлердің құқықтарын қорғау бағытында тәжірибе алмасты.
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері үшін бұл басқосу кәсіби білімді толықтырып, еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-