ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас мамандары Айжарық Серімбетов пен Нұрлан Жетпісбай Ақтөбе қаласының педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және еңбек қатынастарына байланысты өзекті мәселелер сөз болды. Кәсіподақ мамандары қызметкерлердің сауалдарына жауап беріп, тиісті мәселелер бойынша түсініктемелер берді.
Басқосудан кейін бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына әдістемелік көмек көрсетіліп, қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізіліп, назар аударуды қажет ететін мәселелер қарастырылды.
Кәсіподақ мүшелерімен жүздесуде ұжымның ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты мәселелерге баса назар аударылды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-