БІЛІКТІ ПЕДАГОГ
Ғұбайдолла Гүлдана Амантайқызы 1997 жылғы 18 тамызда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алған. Қазіргі таңда Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы №2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Педагогикалық еңбек өтілі – 9 жыл. Біліктілік санаты – педагог-сарапшы.
Гүлдана Ғұбайдолла – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби дамуды басты мақсаттарының бірі санайтын, жаңашылдыққа ұмтылатын білікті педагог.
Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкірттерінің жетістіктерінен көрінеді. Гүлдана Ғұбайдолланың жетекшілігімен оқушылары аудандық және облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, «Алтын сақа», «Алтын түлек» байқауларында және аудандық ғылыми жобалар конкурстарында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл жетістіктер – мұғалімнің жүйелі жұмысының, табанды еңбегінің және оқушы қабілетін дамытуға бағытталған кәсіби шеберлігінің жемісі.
Шәкірттерінің білімін шыңдап, жетістіктерге жетуіне қосқан үлесі үшін аудандық және облыстық деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталған. Педагогтың қызметі тек сабақ берумен шектелмейді. Ол мектептегі жас мамандар бірлестігінің жетекшісі ретінде жас педагогтардың кәсіби қалыптасуына, тәжірибе алмасуына және педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне қолдау көрсетіп келеді. Әріптестеріне бағыт-бағдар беріп, шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруға ықпал ету арқылы мектептің әдістемелік жұмысына да өз үлесін қосуда.
«Жас келсе – іске» деген халық даналығы жас маманның жігері мен еңбегін айқындайды. Ғұбайдолла Гүлдана Амантайқызының кәсіби ұстанымы, шәкірттерінің жетістіктері және жас педагогтарға көрсетіп жүрген қолдауы – осы сөздің жарқын көрінісі. Ізденісті серік еткен ұстаздың алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, білім беру саласының дамуына үлес қоса беретініне сеніміміз мол.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-