ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІНЕ – ЕРЕКШЕ НАЗАР!
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Г.Құлекенова ауданның бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, кәсіподақ мүшелерімен жүздесті. Сапардың негізгі мақсаты – еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау және олардың еңбек құқықтарының сақталу жайын зерделеу.
Жұмыс сапары аясында Аяққұм және Сарыбұлақ негізгі орта мектептерінде, Б.Сүлейменов, Қаратоғай және І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептерде, сондай-ақ «Айгөлек», «Нұр-Дана», «Shalkar-Alihan» бөбекжай-балабақшалары мен «Салтанат-Эль» балабақшасында болды. Кездесулер кезінде ұжым мүшелерімен пікір алмасып, еңбек қызметіне қатысты мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Сапар соңында аталған мекемелерде қоғамдық бақылау жүргізілді. Оның барысында еңбек заңнамасының орындалуына, қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына назар аударылды.
Еңбек адамының мүддесін қорғау – кәсіподақ қызметінің басты бағыты. Ұжымдармен жүздесу мен қоғамдық бақылау жұмыстары қызметкерлердің талап-тілектерін назарға алып, еңбек саласындағы мәселелердің уақытылы шешілуіне ықпал етеді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-