ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫНА ЕРЕКШЕ НАЗАР
Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Л.Жапақова білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесулер өткізіп, қоғамдық бақылау жүргізді.
Кездесулер Қ.Медетов атындағы өнер мектебінде, №1 «Тополёк» бөбекжай-бақшасында, Байнассай негізгі мектебінде, Аққайың орта мектебінде, Қаратаусай орта мектебінде, Жайсан орта мектебінде, Вознесеновка орта мектебінде және №9 «Шапағат» бөбекжай-бақшасында ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы ұжым мүшелерімен пікір алмасып, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Қоғамдық бақылау барысында білім беру ұйымдарындағы еңбек жағдайларына қатысты мәселелерге назар аударылды.
Айта кетейік, аталған жұмыстар «Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның басты бағыты – кәсіподақ мүшелерімен тікелей байланыс орнатып, олардың жағдайын зерделеу және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолдау көрсету.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фото
-