ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының арнайы шақыруымен аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы С. Демесіновпен еңбек ұжымының маңызды кездесуі өтті.
Кездесудің басты мақсаты – білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ пен ұжым арасындағы ашық диалогты нығайту болды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі соңғы өзгерістер мен негізгі ережелер кеңінен талқыланды.
Еңбек ұжымының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы ұжымдық шарттың рөлі мен оның орындалу барысы сарапталды.
Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы С. Демесінов ұйымның стратегиялық бағыттарын түсіндіріп, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің заңды мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтың орнын ерекше атап өтті.
Ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өткен жиында еңбек ұжымы өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойды. Еңбек шартының талаптары, еңбек жағдайын жақсарту, демалыс пен үстеме жұмыс ақысы, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты барлық сауалдарға С. Демесінов тарапынан тұшымды да толыққанды жауаптар берілді.
Іс-шара өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтіп, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіподақ қозғалысының маңыздылығын тереңірек түсінуге зор ықпалын тигізді.
Самар аудандық кәсіподақ ұйымы
Шығыс Қазақстан облысы.