ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР
27 қазан күні «Ұстаз» кәсіподағына қарасты білім беру мекемелерінің басшылары мен техникалық инспекторларына арналған Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға арналған семинар өтті.
Жалпы білім беру мектептердің каникул уақытына сәйкестендіріліп қойылған осы іс-шараға қатысуға ниет білдіргендер өте көп болды. Семинар соңында берілетін сертификат пен кітапшаны талап ететін инспекция бар. Осы оқуды ұсынатын басқа мекемелердің бағалары өте жоғары. Ал, «Ұстаз» кәсіподағы осы мәселелерді алдын-ала шешіп қойғандай. Сондықтан осы семинарға 350 адам қатысып, қажетті құжаттарына қол жеткізді.
Семинар өткізуші тыңдаушылардын барлық сұрақтарына жауап беріп, өзінің осы салада құзіретті екенін көрсетті.
Алматы қ. “Ұстаз” кәсіподағы
-
Фотографии
-