АШЫҚ ДИАЛОГ – ОРТАҚ МҮДДЕ
Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Г.Избағамбетова Ақшатау орта мектебі, Қаракемер мектеп-балабақшасы, Жақсыбайкөл негізгі мектебі, Құрман орта мектебі және «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының ұжымдарымен кездесіп, білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен пікір алмасты.
Кездесулердің негізгі мақсаты – білім саласы мамандарының талап-тілектерін тыңдау, еңбек қатынастарына байланысты өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын бірлесе қарастыру. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының қызметі, еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді.
Кездесу барысында Г.Избағамбетова ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлеріне құлақ асып, көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Ол еңбек адамының құқығын қорғау, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуы және қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Кездесулер аясында білім беру ұйымдарындағы еңбек жағдайларының жай-күйін зерделеу, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын және қызметкерлерге жасалған жағдайларды бағалау мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары да жүргізілді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-