ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ – СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ КЕПІЛІ
«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқанын іске асыру жоспары аясында Жергілікті кәсіподақтың Байзақ аудандық комитетінің ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелеріне арналған ашық есік күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік мәселелер бойынша қолдау көрсету, ұсыныс-пікірлерін тыңдау және өзекті сұрақтарына жауап беру. Сонымен қатар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, еңбек қатынастарына қатысты мәселелерді шешуге бағыт-бағдар беру көзделді.
Ашық есік күні барысында Байзақ ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы Ләззат Айтқұлова еңбек қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша кәсіподақ мүшелеріне құқықтық кеңес берді. Қатысушылар еңбек заңнамасының талаптары, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері және еңбек қатынастарында туындайтын мәселелер жөнінде сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.
Кездесу барысында кәсіподақ мүшелерінің өтініштері мен ұсыныстарына назар аударылып, олардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешудің жолдары түсіндірілді. Іс-шара нәтижесінде кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ ұйымы арасындағы байланыс нығая түсіп, сала қызметкерлерінің ұйымға деген сенімі арта түсті.
Жамбыл облысы Байзақ аудандық комитеті
-
Фотографии
-