АШЫҚ ДИАЛОГ – ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕПІЛІ
Ақтөбе облысы Алға аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Нұрлан Шындаулет №2 Маржанбұлақ орта мектебі, «Айым» жеке балабақшасы, «Балапан» балабақшасы, Тамды орта мектебі, «Жұлдызай» балабақшасы, Есет батыр мектеп-бақшасы, Қарағаш ауылдық округіндегі Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп, Талдысай негізгі мектебі және №3 Алға қазақ орта мектебінің ұжымдарымен кездесулер өткізді.
Кездесулердің басты мақсаты – білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайымен танысу, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және кәсіподақ тарапынан көрсетілетін қолдау бағыттарын талқылау.
Ашық диалог барысында қызметкерлерді толғандырған мәселелер қозғалып, еңбек құқықтарын сақтау, әлеуметтік қолдау көрсету және кәсіподақ ұйымының қызметін жетілдіру жөнінде пікір алмасу болды. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде қоғамдық бақылау жүргізіліп, еңбек жағдайлары мен қызметкерлерге жасалған мүмкіндіктер зерделенді.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-