ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК – ЖАС МАМАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен осындай тақырыпта жас педагогтардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, еңбек құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, педагогикалық ортаға бейімделуіне ықпал ету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға «Лайықты еңбек» тұжырымдамасы, еңбек құқықтары, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктер туралы маңызды ақпараттар берілді.
Практикалық бөлімде жас мамандар топтық тапсырмалар орындап, «Лайықты еңбек формуласы», «Менің еңбек құқығым – менің қорғаным» тақырыптарында постер қорғады. Сонымен қатар педагогикалық жағдаяттарды талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды. «Заманауи мұғалім қандай болуы керек?» тапсырмасы арқылы бүгінгі педагогқа қажетті кәсіби және тұлғалық қасиеттерді айқындады.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді. Рефлексия барысында жас мамандар кәсіби өсуге деген мақсаттарын айқындап, өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шара жас педагогтардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып, кәсіби дамуға деген ынтасын нығайтуға бағытталды.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы