ҰСТАЗДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен білім саласының қызметкерлері күзгі каникул кезінде Сарыағаш өңіріндегі шипажайда демалып, денсаулықтарын нығайтуда.
Күзгі демалыс кезеңінде ұйымдастырылған бұл сапар білім қызметкерлеріне күнделікті жұмыстан бір сәт тынығып, бой сергітіп, күш-қуат жинауға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда олар шипажайда емдік-сауықтыру шараларынан өтіп, демалыс уақытын тиімді өткізуде.
Білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға және жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған мұндай бастамалардың маңызы зор. Кәсіподақ ұйымының қолдауы – еңбек адамдарына көрсетілген қамқорлықтың айқын көрінісі.
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан олардың денсаулығына қамқорлық жасау, лайықты демалысына жағдай туғызу – кәсіподақ ұйымының басты назарындағы бағыттардың бірі. Сарыағаштағы сауықтыру демалысы – білім қызметкерлеріне көрсетілген әлеуметтік қолдаудың жарқын үлгісі. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек…
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-