ӨНЕРДІҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТКЕН ҰСТАЗ
Ұстаздық – жүрек қалауы мен үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Ал, бүлдіршіндердің бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті оятып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту – ерекше еңбекті қажет етеді. Осындай жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген жанның бірі –Ақтөбе облысы Алға ауданы «Бестамақ» болашақ балабақшасының музыка жетекшісі Наурзалиева Айгүл Әлиханқызы.
Айгүл Наурзалиева әр баланың бойындағы өнерге деген қабілетті байқап, ән айтуға, би билеуге, музыканы сезінуге баулиды. Әрбір музыкалық сабақ пен мерекелік шараны қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырып, бүлдіршіндердің сахнада еркін өнер көрсетуіне ықпал етеді. Өз жұмысында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, балаларға қазақтың халық әндері мен күйлерін үйретуге ерекше мән береді. Шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігінің арқасында балабақша өмірін әсем әуенге, шаттық пен қуанышқа бөлеп келеді.
Ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі – шәкіртінің жетістігі. Айгүл Наурзалиева үшін әр баланың қуанышы, өнерге деген қызығушылығы мен кішкентай жетістігі – үлкен мақтаныш.
Өнерге жол ашып, бүлдіршіндердің жүрегіне әсем әуен мен ізгілік ұялатып жүрген аяулы ұстазға шығармашылық табыс, толағай жетістік тілейміз!
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
-
Фотографии
-