МӘРТӨКТЕГІ МЕКТЕП ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
Ұстаз еңбегін ұлықтау, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, құқықтары мен мүдделерін қорғау – кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі.
Осы мақсатта Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Л.Жапақова Құрмансай орта мектебі, №4 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі, Бөрте, Шевченко, Қызылжар, Байтура орта мектептері мен Дмитревка негізгі мектебінің ұжымдарымен жүздесті.
Пікір алмасу форматында өткен кездесулерде кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Кәсіподақ төрағасы еңбек құқықтары мен әлеуметтік қолдау мәселелеріне қатысты түсініктемелер берді.
Келесі бағыт – білім беру ұйымдарындағы қоғамдық бақылау болды. Оның барысында еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен кәсіподақ мүшелерінің құқықтарының қорғалуы назарға алынды.
Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фотографии
-