ІС ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының Жаңаөзен қаласы бойынша филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен «Құжат сөйлейді» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы іс жүргізу жұмыстарының сапасын арттыру, құжаттарды рәсімдеу тәртібін жетілдіру және мамандар арасында тәжірибе алмасу.
Семинар барысында:
Іс жүргізуді ұйымдастырудың негізгі талаптары;
Кадрлық құжаттарды рәсімдеу тәртібі;
Нормативтік-құқықтық актілерді қолдану және құжат айналымында жиі кездесетін қателіктер талқыланды.
Шара қорытындысында барлық қатысушыларға білім беру саласындағы жауапты еңбегі, кәсіби қызметке деген адалдығы және білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіруге қосқан үлесі үшін Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі мен салалық кәсіптік одақтың Жаңаөзен қаласы бойынша филиалының Алғыс хаттары табысталды.
Сондай-ақ семинар барысында білімділігімен, белсенділігімен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленген қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Аталған семинар мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуға және білім беру ұйымдарындағы құжат айналымын тиімді ұйымдастыруға ықпал етті.
Жаңаөзен қаласы филиалы, Маңғыстау облысы