АЛМАТЫДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ
Алматы қаласында 25-31 қазан аралығында Қазақстан мұғалімдерінің VI республикалық спартакиадасы өтті. Еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген 1300-ге жуық педагог спорттың түрлі бағыттары бойынша бақ сынасып, өздерінің шымырлығын, төзімділігін, интеллектуалдық әлеуетін, командалық рухын және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Спартакиаданы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ және Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» бірлесіп ұйымдастырды.
Жарыс алдындағы дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, мандаттық комиссияның отырысы өтті. Қатысушы командалардың құжаттары қабылданып, мұқият тексерілді. Жауапты мамандар мен ұйымдастырушы тараптар алдағы жарыстардың өту тәртібі мен ұйымдастырушылық мәселелерін бірлесе талқылады.
Салтанатты ашылу рәсімі ұстаздар қауымының басын қосып, мерекелік атмосферада өтті. Рәсімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК өкілі Н.Бекмұрат, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ өкілі Е.Иманбаев, Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы С.Байгуттинов және Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» өкілі Б.Елемесов сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Спорттың бірлік пен ынтымақты нығайтудағы маңызы ерекше атап өтілді.
Спартакиада барысында мұғалімдер тоғызқұмалақ, бесасық, асық ату, баскетбол 3х3 (ерлер және әйелдер), үстел теннисі, футбол және волейбол (ерлер және әйелдер) түрлерінен бақ сынасты.
ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР:
Тоғызқұмалақ I орын - Қызылорда облысы; II орын - Астана қаласы; III орын - Қостанай облысы.
Бес асық I орын - Қызылорда облысы; II орын - Алматы облысы; III орын - Астана қаласы.
Асық ату I орын - Алматы қаласы; II орын - Қарағанды облысы; III орын - Алматы облысы.
Баскетбол 3х3 (ерлер) I орын - Алматы қаласы; II орын - Қызылорда облысы; III орын - Астана қаласы.
Баскетбол 3х3 (әйелдер) I орын - Алматы қаласы; II орын - Қостанай облысы; III орын - Түркістан облысы.
Үстел теннисі I орын - Алматы қаласы; II орын - Шымкент қаласы; III орын - Қызылорда облысы.
Футбол I орын - Алматы облысы; II орын - Жамбыл облысы; III орын - Ақтөбе облысы.
Волейбол (әйелдер) I орын - Шымкент қаласы; II орын - Алматы қаласы; III орын - Шығыс Қазақстан облысы.
Волейбол (ерлер) I орын - Қызылорда облысы; II орын - Алматы қаласы; III орын - Ақтөбе облысы.
Мұғалімдер спартакиадасы – ұстаздар қауымының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, әріптестік байланысты нығайтуға және өңірлер арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған маңызды спорттық іс-шара. Әр команданың жетістігінің артында тыңғылықты дайындық, табандылық пен өзара қолдау тұр. Спартакиада өңірлерден келген әріптестердің жақынырақ танысуына, кәсіби байланыстарын нығайтуына жаңа серпін берді.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі орындарды иеленген: І орын – Алматы қаласының құрама командасы; ІІ орын – Қызылорда облысының құрама командасы; ІІІ орын – Ақтөбе облысының құрама командалары марапатталып, сертификаттармен және дипломдармен марапатталды.
Спартакиаданың салтанатты жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бас директорының м.а. Н. Дрейт және «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы А. Мұқашева қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
А. Мұқашева жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, барлық қатысушыларға белсенділік танытып, жарысқа жоғары деңгейде атсалысқандары үшін алғысын білдірді.
Ұстаз мәртебесінің асқақтауы мен абыройының арта беруі жолында Салалық кәсіподақ өз үлесін қосары сөзсіз.
-
Фотографии
-