«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ МЕН ЖҮЙЕЛІ ҚОЛДАУ
«Мектепке жол» акциясы аясында көрсетілген қамқорлық – бұл тек материалдық көмек емес, ең алдымен балалардың жүрегіне жылу ұялатып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтатын игі іс.
Халқымыздың «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген дана сөзі осы бастаманың мәнін дәл жеткізеді: балаға жасалған бір қадам – оның өміріндегі үлкен өзгеріске айналады. Себебі әр бала – ұлттың ертеңі, қоғамның тірегі.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 10 970 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Барлығы 158 млн. 300 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бөлінген қаражат балаларға ең қажетті заттарды сатып алуға жұмсалды.
Сондықтан Салалық кәсіподақ пен мүшелік ұйымдардың бұл бастаманы жүйелі түрде жалғастырып, жыл сайын мыңдаған оқушының мектепке жолын ашып, қуанышын бөлісуі – нағыз адамгершілік пен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі. Балаларға қуаныш сыйлап, болашаққа сенім ұялатқан барша әріптестерімізге алғысымыз шексіз!